$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Басты мақсат – әлем чемпионаты» – боксшы Санжар Ташкенбай Әлем кубогындағы жеңісінен кейін

Ол Әлем кубогының финалында жеңіске жетті

«Басты мақсат – әлем чемпионаты» – боксшы Санжар Ташкенбай Әлем кубогындағы жеңісінен кейін
Фото: Olympic.kz

Боксшы Санжар Ташкенбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалындағы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Olympic.kz сайтына берген сұхбатында дайындық барысы, финалдағы қарсыласы туралы ой бөлісті.

«Бұған дейін АҚШ-та арнайы дайындық жүргіздік. Сол жақта физикалық мүмкіндіктерімізді шыңдап, 50 келіге дейінгі салмаққа біртіндеп бейімделе бастадық. Қазір барлығы ойдағыдай, 50 келіде өзімді тамаша сезінемін. Одан кейін Астанаға келіп, оқу-жаттығу жиындарына қатыстық.

Ал финалда жұдырықтасқан боксшымен біз оқу-жаттығу жиындарында кездеспедік. Жалпы, барлық қарсылас осал емес. Дегенмен, дәл осы финалда кездескен спортшы айтарлықтай қиындық тудырды», - дейді Санжар Ташкенбай.

Ол алда әлем чемпионатына дайындық басталатынын қозғап өтті.

«Жарыстан кейін бір апта демаламыз. Бірақ босаңсып кетпей, қайтадан жаттығу жиындарына аттанамыз. Алда бізді Ливерпульде өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.

Басты мақсат – сол әлем біріншілігінде топ жару. Сондай-ақ, бұған дейінгі қарсыластарға кеткен есені қайтару қажет», - деді боксшы.

Серіктес жаңалықтары