Айқын Төлепберген екінші әйелі жүкті екенін айтты
Ол жұбайы бесінші сәбиіне жүкті екенін айтты

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қуанышты жаңалығын өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады:
«Жаным, Жұлдыз. Мен тағы да әке болғалы жатырмын. Егер бәрі жақсы болса, бесінші перзентіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл – біз үшін үлкен бақыт. Сол қуаныш сіздерге де жұғысты болсын. P.S. Айтпақшы, көпбалалы әке ретінде мемлекеттен қандай жеңілдіктер бар? Тегін жолақы, жәрдемақы дегендей», – деп жазды Айқын Төлепберген.
Жазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, жанкүйерлерден жылы лебіздер мен құттықтауларға толы пікірлер қалды.
Айта кетейік, Айқын бұрын Әсел есімді қызға үйленген. Алайда 2018 жылы олардың жолы екіге айырылды. Ал 2015 жылдан бастап ол әнші Жұлдыз Өмірғалимен қарым-қатынас орнатқан болатын.