$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Роналду қаза болған әріптесінің жерлеуіне қатыспай, қымбат яхтасында демалған – БАҚ

Журналистер оны элиталық курорт аймақтарында түсіріп алған

Роналду қаза болған әріптесінің жерлеуіне қатыспай, қымбат яхтасында демалған – БАҚ
Фото: Daily Mail

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду құрамадағы әріптесі Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силваның жерлеу рәсіміне қатыспай, қымбат яхтасында демалысын өткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Роналдудың жоқтығы жанкүйерлердің наразылығын тудырды

Роналду Португалия ұлттық құрамасының көшбасшысы ретінде қаза тапқандардың құрметіне Гондомар қаласында өткен еске алу кешінде болуға тиіс еді. Алайда ол жұма күнгі еске алу рәсіміне де, сенбі күнгі жерлеу рәсіміне де қатыспаған.

Роналду Майоркада демалған

Сол уақытта, БАҚ мәліметінше, Роналду 5,5 миллион фунт тұратын яхтасында Майорка аралында демалып жүрген. Журналистер оны элиталық курорт аймақтарында түсіріп алған.

Ал ұлттық құраманың өзге ойыншылары – Бернарду Силва, Диогу Далот, Жоау Канселу, Рубен Невеш және бас бапкер Роберто Мартинес қоштасу рәсіміне қатысқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары да Роналдудың бұл қадамын сынға алып, оны капитан ретінде команда жанында болуға міндетті еді деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары