$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Wildberries-ке инвестиция»: жұртты алдаған күдікті Дубайда қолға түсіп, Қазақстанға жеткізілді

Жұртты инвестициямен алдаған күдікті ұсталды

«Wildberries-ке инвестиция»: жұртты алдаған күдікті Дубайда қолға түсіп, Қазақстанға жеткізілді
Фото: Видеодан скрин

Wildberries-ке инвестиция салуға үгіттеп, алты азаматты алдаған күдікті екі жыл бойы іздеуде болды. Ақыры ол Дубайда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір тергеу изоляторында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтық жасады деп айыпталған азамат Дубайдан экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің көмегімен Дубай қаласында ұсталған азаматты елге қайтарды. Ол Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Wildberries-ке инвестиция салуға үгіттеп, алты адамды алдаған

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары Алматы қаласында «Wildberries» компаниясына инвестиция құю туралы ұсыныс жасап, сыйақы беремін деп алты азаматты сендірген. Алайда ол азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп, жәбірленушілерге ірі көлемде материалдық зиян келтірген.

Екі жыл бойы халықаралық іздеуде болды

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған. Ол 2 жыл бойы халықаралық іздеуде жүріп, 2024 жылдың сәуірінде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында қолға түсті.

Күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сұрауы бойынша күдікті экстрадицияланып, елге жеткізілді. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Алаяқтық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктіге тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары