$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда өткен айда 1,2 млн-нан астам адам пойызбен қатынады

Курортты аймақтарға қосымша пойыздар саны артты

Қазақстанда өткен айда 1,2 млн-нан астам адам пойызбен қатынады
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық теміржол тасымалдаушысы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаздың алғашқы айында барлық 112 бағыт бойынша 1,2 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дәстүрлі түрде еліміздің курорттық аймақтарына бағыттар жоғары сұранысқа ие болды.

«Мәселен, Курорт-Бурабай стансасына бағыт алған электр пойыздарымен 18,7 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Шығыс Қазақстандағы жетекші демалыс орындарының бірі – Алакөл көліне бағытталған Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 12,8 мыңнан астам жолаушы жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жазғы маусым аясында Алакөл, Балқаш және Бурабай курорты бағыттарын қоса алғанда, танымал бағыттар бойынша қосымша пойыздар саны арттырылды.

Серіктес жаңалықтары