$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда тұрғыны жалған фитнес-сертификат сатамын деп сотталып кетті

Оған қатысты сот үкімі жарияланды

Елорда тұрғыны жалған фитнес-сертификат сатамын деп сотталып кетті
Фото: pixabay

Астаналық бұрынғы жаттықтырушы өзін фитнес орталықтардың өкілі ретінде көрсетіп, жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы азаматтарды алдап келген. Қылмыстық іс бойынша 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық шығын 3,5 млн теңгеден асқан. Ол осы әрекеті үшін сотты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нарықтағы бағадан 4 есе арзан сертификаттар ұсынған

Күдікті фитнес-клубтардың жылдық абонементтерін 150 мың теңгеге сатып алуға болады деп сендіріп, сенімге кірген. Ал шын мәнінде, мұндай абонементтердің нақты құны – шамамен 700 мың теңге.

Клиенттер сертификаттарын пайдалану үшін фитнес-орталықтарға келгенде, олардың жарамсыз екенін білген.

Сот үкімі: пробациялық бақылау және бостандықты шектеу

Алаяқтық әрекеті үшін сотталған азамат жәбірленушілерге келтірілген залалды толық өтеген, әрі ауырлататын мән-жайлар болмаған. Осыған байланысты, сот 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Алаяқтар сыйлық сертификаттарын құралға айналдыруда

Соңғы жылдары жалған сертификаттар мен бонустық карталар арқылы жасалатын алаяқтықтар жиілеп барады. Әсіресе, онлайн-сатылымдар мен әлеуметтік желі арқылы таралатын ұсыныстар қауіп төндіреді.

Азаматтарға ресми және сенімді сатушылардан ғана қызметтер мен тауарларды сатып алу ұсынылады.

10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық әрекеттердің заңдық салдарын еске салып отыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабына сәйкес, бөтен мүлікті жымқыру, не сенімді теріс пайдалану арқылы иелену үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары