02.07.2025, 17:51
Жаңалықтар
Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің штаб-пәтеріне барды
Президент штаб-пәтердің ашылу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.
Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)