Елордадағы Қонаев көшесі 13-15 маусым аралығына жартылай жабылады
Қонаев көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізіледі

Қонаев көшесі 13-15 маусым аралығына жартылай жабылды. Жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жол желісін орташа жөндеу аясында Қонаев көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында аталған учаскедегі көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді басқармада.