$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бурабайда 7 адам адасып кетті

Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ

Бурабайда 7 адам адасып кетті
Фото: istockphoto.com

«Көкшетау» тауында адасып кеткен 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таудан түсу кезінде адасқан

«30 маусымда күндіз Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы,  теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан тауның шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кетті», - деп жазылған хабарламада.

Түсу кезінде қиындық туындады: тік еңіс жерлер мен шаршау өз бетінше қайтуға мүмкіндік бермеген.

Отбасы құтқарылды

Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына шықты.

Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында барлық топ биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Сібе көлдері маңындағы демалыс базасында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапты. Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз бетінше іздеген, алайда нәтиже болмаған соң, жағалауды патрульдеп жүрген полицейлерден көмек сұраған.

Серіктес жаңалықтары