Медициналық ұйымдардың қарызы 113 млрд теңге: Әлназарова мәселені түсіндірді
МӘМС былтырғы қарызын жапқан

Парламент палаталарының бірлескен отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова былтыр медициналық мекемелердің мойынында болған қарыздар жайлы айтып, мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Былтыр қаржыландыруға қатысты проблемалар болғаны рас. Жыл соңында барлық медициналық ұйымның қарызын МӘМС жапты. Қаржы министрлігі тарапынан белгілі мәселе бар. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жыл бойы осы мәселені талқылап жатырмыз. Ең бастысы, халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға жетуі керек болған медициналық қызметтер жетті», - деді Әлназарова.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр еліміздегі 480-ге жуық медициналық ұйымның кредиттік қарызы 113 млрд теңгеден асып кеткен. Бұл мекемелердің 90%-і мемлекет меншігінде еді.