$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда төрт автокөлікті алдап сатып, 24 млн теңге жымқырған күдікті Ташкентте ұсталды

Ол үш жылдан бері халықаралық іздеуде болған

Тараз қаласының 2002 жылы туған тұрғыны ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Өзбекстан астанасында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Төрт көлікті заңсыз иемденіп, қайта сатқан

ІІМ мәліметінше, күдіктінің мынандай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін:

  • төрт автокөлікті алдап алған;
  • оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқан;
  • жалпы келтірілген зиян көлемі 24 миллион теңгеден асқан.

Ол қылмыстан кейін ел аумағынан шығып кеткен және 2022 жылдың соңынан бері халықаралық іздеуде болған.

Қылмыскерді ұстау Қазақстан мен Өзбекстан құқық қорғау органдарының тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асты.

«Жазаға тарту – ІІМ жұмысының басты басымдықтарының бірі. Іздеудегі тұлғаларды анықтау мен ұстау жұмысы тек ел ішінде емес, шет елдерде де жүргізіледі. Бұл – ешкім жазасыз қалмайтынының айқын дәлелі», – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Бір айда 140-тан астам іздеудегі адам ұсталды

ІІМ мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айында 140-тан астам адам іздеу тізімінен табылған, оның ішінде 8 адам шет елдерде ұсталған.

Серіктес жаңалықтары