$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 20-дан астам автобустың бағыты уақытша өзгерді

Кейбір аялдамалар жабылды

Астанада 20-дан астам автобустың бағыты уақытша өзгерді
Фото: © istockphoto.com

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 20-дан астам қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, жеке аялдамаларға кіру уақытша жабылған, сондықтан бірқатар бағыттар жолаушыларды түсіру мен отырғызуды уақытша тоқтатты.

Қандай бағыттар өзгеріске ұшырады?

  • «Қазақ технология және бизнес университеті» аялдамасы уақытша жабылған. Осыған байланысты №7, 17, 42, 44, 45, 49, 62 бағыттары бұл аялдамада тоқтамайды.
  • Бағыт сызбасы уақытша өзгерген автобустар:

– №7, 56, 61, 63

– №60 (бөлек өзгерістермен)

  •  «Милан кварталы» тұрғын үй кешені аялдамасына кіру де шектелген. Сол себепті №10автобусы бұл аялдамада тоқтамайды.
  • Сонымен қатар төмендегі маршруттарға да өзгерістер енгізілді:

– №2, 6, 16, 37, 39, 42, 56, 71, 304, 322 және 503.

«Барлық өзгеріс – жолдағы уақытша шектеулерге байланысты. Қоғамдық көлікті пайдаланар алдында CTS ресми арналарынан нақты мәліметтерді тексеріп отыруды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Аялдамалар неге жабылды?

Астанада жаз мезгілінде жол инфрақұрылымын жаңарту, асфальт төсеу және коммуникацияларды алмастыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұл – қаладағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша қайта құрылуына себеп болып отыр.

Серіктес жаңалықтары