$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 1 шілдеден бастап балабақша ваучерлері беріледі

Жаңа қаржыландыру жүйесіне 988 балабақша қатысады

Алматыда 1 шілдеден бастап балабақша ваучерлері беріледі
Фото: © istockphoto.com

1 шілдеден бастап Алматы қаласында балабақшаларға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен өңірлер бойынша кезең-кезеңімен көшу кестесіне сәйкес енгізіліп жатыр. Бұл жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаға төлем жасау үшін арнайы ваучер ала алады.

Қандай балабақшалар қатысады?

Алматы қаласында бағдарламаға:

  • 196 мемлекеттік балабақша,
  • 792 жекеменшік ұйым қатысады.

Жалпы – 988 мектепке дейінгі ұйым.

Қатысатын мекемелердің тізімі бос орындарға байланысты жаңарып отырады.

Ваучерлік жүйе қалай жұмыс істейді?

Ата-аналар vaq.kz порталы арқылы электронды өтінім береді. Өтінім мақұлданған соң:

  • арнайы ваучер рәсімделеді;
  • ваучер баланың балабақшадағы болуын растаған соң іске қосылады;
  • қаржыландыру тікелей балабақшаға жіберіледі.

Жүйеге қатысатын жекеменшік балабақшалар сапа стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

Бағдарламаның мақсаттары:

  • Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру
  • Ата-аналардың таңдау еркіндігін қамтамасыз ету
  • Жекеменшік секторды қолдау
  • Бәсекелестік арқылы сапаны арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету.

Пилоттық жоба қайда өтті?

Ваучерлік қаржыландыру жүйесі алғаш рет 2023 жылы Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті.

2024 жылы жүйеге Астана мен Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Байзақ (Жамбыл облысы) мен Сарыағаш (Түркістан облысы) аудандары қосылды.

Бүгінде жүйеге 2300-ден астам балабақша қатысады, ал ваучер алған балалар саны – 276,5 мың. Жоба аясында мемлекет 27 млрд теңге үнемдеген.

Серіктес жаңалықтары