$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында 4 алтын алды

Жарыс Солтүстік Македонияда өтті

Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында 4 алтын алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Олимпиада қорытындысы

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Македонияда өткен Балқан жасөспірімдер математика олимпиадасында (JBMO)Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Құрама нәтижесі:

  • 4 алтын
  • 1 күміс
  • 1 қола
  • 24 елдің ішінде үздік нәтиже.

Алтын иегерлері:

  • Ануар Ағыбаев, 9-сынып, NurOrda халықаралық мектебі, Алматы
  • Александр Олейников, 9-сынып, NurOrda халықаралық мектебі, Алматы
  • Жәңгір Болат, 8-сынып, РФММ, Алматы
  • Батырхан Бейғанов, 9-сынып, РФММ, Алматы

Күміс жүлде иесі:

  • Нұртай Мәлік, 9-сынып, Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты

Қола жүлде иесі:

  • Мирас Кеңесбек, 9-сынып, Қарағанды облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты

Ұстаздар еңбегінің жемісі

Оқушылардың дайындық процесіне Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің мұғалімі Сергей Полянских пен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова жетекшілік етті. Олар олимпиадашылардың әлеуетін ашуға үлкен үлес қосты.

«Бұл — ел тарихындағы ең жоғары нәтиже. Балалар еліміздің намысын абыроймен қорғады. Әр жүлде — зор еңбек пен ұлт болашағына деген сенімнің көрінісі», – делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

JBMO дегеніміз не?

Балқан жасөспірімдер математика олимпиадасы – 16 жасқа дейінгі оқушылар арасында жыл сайын өтетін беделді халықаралық жарыс. Олимпиадаға Балқан елдерімен қатар басқа мемлекеттер де қонақ ретінде қатысады.

Қазақстан бұл жарысқа 2004 жылдан бері қатысып келеді және үнемі көшбасшылар қатарынан көрінеді. 2023 жылы Анталияда өткен JBMO-да да 6 медаль жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары