$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде шомылып жүрген әйел бір ажалдан аман қалды

Әйелдің суға батып бара жатқанын іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатқан құтқарушылар байқап қалған

Өскеменде шомылып жүрген әйел бір ажалдан аман қалды
Фото: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қызметкерлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінде "Понтон көпірі" ауданында ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатқанда суға батып бара жатқан әйелді құтқарды», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар оны қайықпен жағаға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, қалқымалыдан ары жүзбеуге және суға шомылу үшін тек рұқсат етілген жағажайларды таңдауға шақырды.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында зейнеткер мен оның немересі көлікпен бірге суға батып кетті. 1959 жылы туған жергілікті тұрғын мен оның кәмелетке толмаған немересі Құдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыра аумағына қарай шығып, қайтып оралмаған.

«Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды», - дейді құтқарушылар.

Серіктес жаңалықтары