$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында көкпаршыны ат басып қалды

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған

Қостанай облысында көкпаршыны ат басып қалды
Фото: gov.kz

Қостанай облысындағы Заречное ауылында көкпар кезінде ат көкпаршыны басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайыс кезінде аттар соқтығысып қалған. Көкпаршылардың бірі жерге құлап түскен, сол кезде ат оның үстіне құлап, басып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушіні оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.

Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам аяғынан жарақат алған. Алайда, дәрігерлердің түсіндіруінше, жәбірленуші жедел жәрдем шақырылған орыннан өз бетінше кетіп қалыпты. Оның ауруханаға жатқызылғанын растайтын нақты дерек жоқ, дейді олар.

Еске сала кетейік, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы Қырғызстан құрамасының өкілін қамшымен бір салған болатын. Оқиға қырғыз спортшылары 1:3 есебімен  алда келе жатқанда болды. Төрешілер төбелесіп қала жаздаған спортшыларды ажыратып алды.

Серіктес жаңалықтары