Дубайда екі жасар қазақстандық сәби комаға түсті

Жарияланған:
29.10.2019, 00:23

Сәби санавиациямен Қазақстанға жеткізілді, қазір ол елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

15 қазан күні екі жасар қазақстандық сәби Дубайдағы бассейннен ес-түссіз күйінде табылған. Кішкентай науқасқа шұғыл медициналық және реанимациялық көмек көрсетіліп, жүрегінің қызметі қалпына келтірілді. Шетелдік дәрігерлер пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалаған және баланың 3 дәрежелі күрделі комаға түскені анықталды. Сәби ауыр хәлде Дубайдағы емханалардың біріне жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Баланың әкесі ҚР Сыртқы істер министрлігіне өтініш жазған. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп пациентті санавиациямен  елге жеткізді.

«27 қазанда санитарлық авиацияның мобильді бригадасымен бірге кішкентай пациент мамандандырылған әуе кемесінде Отанына оралды. Арнайы бригада  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына сағат 10:40 қонып, әрі қарай ем алу үшін бала  реанимобильмен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша шетелдерде ауыр жағдайда жатқан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін санавиация ұшағы 16  рет көкке көтерілді. Шетелдік медициналық мекемелерден, жалпы 69 азамат тасымалданды.

Тегтер: #Дубай
Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
1 ай бұрын жоғалып кеткен оқушы Шымкенттегі көшелердің бірінен табылды
Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті
Көкшетауда 80 оқушының ауырып қалу себебі анықталды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.