$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арменияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген бір топ адам ұсталды

Арменияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген бір топ адам ұсталды
Фото: Instagram/Nikol Pashinyan

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Telegram-арнасында мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне тосқауыл қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Армения полициясы елдегі тұрақтылықты бұзуға және билікті басып алуға бағытталған «қылмыстық-олигархиялық діни құрылымның» ауқымды жоспарын дер кезінде тоқтатқан.

Төңкеріс жасауға қатысы бар деген күдікпен 14 адам қамалды. Олардың қатарында Армян апостол шіркеуінің архиепископы Баграт Галстанян бар. Ол бұған дейін үкіметті ашық сынға алып жүргенімен танымал болған.

Одан бөлек, «Армения» оппозициялық блогының депутаты Артур Саркисян, "Дашнакцутюн" партиясының мүшесі Игорь Саркисян және Нагорный Карабахтың бұрынғы депутаты Давид Галстян да тергеуге алынды. Тергеу аясында ел бойынша 90-нан астам тінту шаралары өткен.

Армян оппозициясы аталған ұсталымдар мен тінтулерді саяси себеппен жүріп жатыр деп мәлімдеді. Таңертеңнен бастап «Қасиетті күрес» қозғалысының мүшелері мен жақтастарының үйлерінде тінту өткен. Бұл әрекеттер қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

Архиепископ Баграт пен өзге тұлғалардың ұсталуына байланысты Арменияның Тергеу комитеті ғимараты алдына олардың жақтастары жиналып, ішкі әскер тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары