$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды

Оқиға 22 маусымға қараған түні болғаны анықталды

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды
Фото: freepik.com

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты алкогольдік мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды», – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға еңбек демалысы кезінде болған

Ведомство мәліметінше, оқиға 22 маусымға қараған түні, яғни дәрігер еңбекақысыз демалыста жүрген кезде болған.

«Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны азаматтық деңгейдегі мінез-құлық нормаларының бұзылуы ретінде қарастырады. Бұл әрекет оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Профилактикалық әңгіме жүргізіледі

Ведомство оқиғаға байланысты дәрігермен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілетінін және қызметтік шешімнің кейін қабылданатынын айтты.

Заң алдында барлығы тең

Сонымен қатар, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы кез келген азамат, оның ішінде мемлекеттік лауазым иелері де, жеке жауапкершілікке ие екенін және заң алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары