$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерлан Қошанов Мәжілістің үшінші сессиясында неше заң қабылданғанын айтты

39 жалпы отырыста 90 заң қабылданған

Ерлан Қошанов Мәжілістің үшінші сессиясында неше заң қабылданғанын айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің үшінші сессиясындағы бастамаларды тізіп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Парламенттің жалпы жұмыс қорытындысы 30-шы маусымда қос палатаның бірлескен отырысында жасалмақ. 

«Ал қазір Мәжіліс қызметінің кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтейін. Осы сессияда 39 жалпы отырыс өтіп, 249 мәселе қаралды және 90 заң қабылданды. Сессия барысында депутаттық сауал секілді маңызды тетіктер де белсенді түрде жүзеге асты»,- деді ол. 

Қошанов атағандай, мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері атына 461 депутаттық сауал жолданып, азаматтарды толғандырып жүрген ең өзекті мәселелер қозғалған.

«Көптеген проблема сол сауалдардың нәтижесінде шешімін тапты. Сонымен бірге, біз қалыптасқан дәстүр бойынша өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушыларымыз көтерген түйткілдерді шешу жолдары жөнінде Үкіметтің жауабын тыңдадық. Үкімет сағаттарында, комитет отырыстарында, партия фракцияларының іс-шараларында бұл мәселелер жан-жақты, қызу талқыланды»,- деді ол. 

Мәжіліс спикері палата өз жұмысының алғашқы күндерінен бастап заң шығару процесінің ашықтығы мен айқындығын сақтағанын айтты.

«Депутаттар азаматтық қоғаммен және сарапшықоғамдастық өкілдерімен бірлескен тығыз жұмыстыжалғастыруда.Мұны олардың жұмыс топтары құрамындағы өкілдерінің санынан-ақ байқауға болады»,- деді Ерлан Қошанов. 

Серіктес жаңалықтары