$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысы екі жыл ішінде 52 күнге тең уақыт бойы өртенген - Әділ Жұбанов

Ол экология министрлігін сынады 

Атырау облысы екі жыл ішінде 52 күнге тең уақыт бойы өртенген  - Әділ Жұбанов
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әділ Жұбанов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Атырау қаласында жиі орын алатын қамыс өртіне байланысты Үкіметтің шұғыл әрекет етуі қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Ақжайық» мемлекеттік резерватының аумағында қамыс өрті жиілеп, қаланы қалың түтін басу оқиғалары халық денсаулығына тікелей қауіп төндіріп отыр.

«Бұл тек табиғи апат емес, бұл – Экология министрлігінің жүйесіз жұмысының салдары», – деді депутат Жұбанов.

2023–2025 жылдар аралығында резерват аумағында 124 өрт оқиғасы тіркеліп, олардың ұзақтығы 52 күннен асқан.

Жұбановтың айтуынша, өрттің жиілеу себебі – резерваттың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі мен физикалық бақылаудың болмауы.

Министрлік 2023–2027 жылдарға 975,7 млн теңге және кешенді жоспар бойынша 55,1 млрд теңге бөлінгенін мәлімдегенімен, депутат ол қаражаттың нақты іске аспай отырғанын сынға алды.

«Өрт сөндіруге арналған бөлімше әлі құрылмаған. Тіпті, министр де, вице-министр де, комитет басшысы да өңірге келіп, ахуалмен таныспаған», – деді депутат.

Депутаттан үкіметке бес нақты ұсыныс айтып, өз талабын айтты. 

  1. Экология министріне шара қабылдау және министрді Атырау облысына іссапарға жіберу.
  2. Резерват құрылымында өртке қарсы бөлімшелер құру.
  3. Резерватты материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етугереспубликалық бюджеттен қаржы бөлу.
  4. Қаржыландыру мүмкін болмаса, резерватты Атырау облысы әкімдігінің қарамағынаберу мәселесін қарау.
  5. Құқық қорғау органдарын қамыс өрттерін болдырмауға жұмылдыру.
Серіктес жаңалықтары