$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да экс-прокурор 30 млн теңге пара алмақ болғаны үшін сотталды

Көлік компаниясының директорынан 30 млн теңге талап еткен

ШҚО-да экс-прокурор 30 млн теңге пара алмақ болғаны үшін сотталды
Фото: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы көлік прокуроры аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Ол көлік компаниясы филиалының директорынан тәркіленген құжаттарды «қайтаруға көмектесемін» деп 30 миллион теңге талап еткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурордың іске қатысы болмаған

2025 жылғы сәуірде Өскемен тұрғыны – көлік компаниясы филиалының директоры – бұрынғы мемлекеттік қызметкерге (прокурорға) оның жүргізушісі арқылы хабарласады. Ол тергеу барысында тәркіленген құжаттардың тағдырын білмек болған.

Сот материалдарына сәйкес, прокурор бұл іске қатысы болмаса да, «құжаттарды 10 күн ішінде қайтарамын» деп уәде беріп, 30 млн теңге сұраған.

Қылмыстық схема ҰҚК-ның көмегімен әшкереленді

Прокурордың сөзіне күмәнданған жәбірленуші мен жүргізушісі бұл жағдай туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлаған. Арнайы операция барысында прокурор жүргізушісі арқылы 10 миллион теңгені алып, қосымша 20 миллион теңге көлеміндегі жалған ақша муляжын алған. Келесі күні тінту кезінде бұл қаражат тәркіленді.

Қандай үкім жарияланды

Өскемен №2 соты экс-прокурорды ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 24-бабы 3-бөлігі бойынша (қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтыққа оқталу) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған мынадай жазалар тағайындалды:

  • 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • Мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салу.

Сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болады.

Апелляциялық шағым берілді

Экс-прокурор кінәсін мойындап, өкініш білдіргенімен, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары