$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ауыр жараланып, терісін ауыстырған жұмысшыға өтемақы төленетін болды

Қызметкерге қатысты сот шешім шығарды

ШҚО-да ауыр жараланып, терісін ауыстырған жұмысшыға өтемақы төленетін болды
Фото: Freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында электромонтер ретінде жұмыс істеген азамат қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр өндірістік жарақат алды. Сот шешімімен жұмыс беруші оған барлық шығынды төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, ол төртінші разрядтағы электромонтер болып жұмыс істеп жүрген. Жұмыс барысындағы оқыс оқиға салдарынан денесінің 20%-ын қамтыған I-III дәрежелі термиялық күйік алды.

Ұзақ ем мен операция

Жарақат алған азамат дереу ауруханаға жеткізіліп, ұзақ уақыт бойы ем қабылдады, сонымен қатар тері трансплантациясы бойынша күрделі операциядан өтті. Одан бөлек, ол жеке клиникаларға жүгініп, қажетті дәрі-дәрмектерді өз қаражатына сатып алған.

Сақтандыру шарты болмаған

Сот тергеу барысында оқиға болған сәтте жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмағаны анықталды. Бұл шарт тек 2024 жылдың 7 қазанында, оқиғадан кейін ғана жасалған.

Сот шешімі: барлық шығын өтеледі

Риддер қалалық соты азаматтың емделуіне кеткен шығындардың құжатпен дәлелденген бөлігін жұмыс берушіге толық өтеуді міндеттеді.

Моральдық зиян үшін 3 млн теңге өтемақы

Сот ауыр дене жарақаты, моральдық және психологиялық зардапты ескере отырып, жұмыс берушіні 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттеді.

Сот шешімі күшіне енді

Аталған шешім заңды күшіне енді. Бұл оқиға жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен сақтандыру жауапкершілігінің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

Серіктес жаңалықтары