24.06.2025, 14:08
Жаңалықтар
Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Олар теміржол өткеліне шығып кеткен
Фото: ҚТЖ
Алматы облысында теміржол өткеліне шығып кеткен екі адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚТЖ мәліметінше, оқыс оқиға 23 маусым күні сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы-1 учаскесінде болған.
«Пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аударған жоқ. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады.
Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді