$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

100 вагон, 200 млн доллар және жаңа локомотивтер: Тоқаев жаңа зауыттарды таныстырды

Теміржол машина жасау саласында алпауыттармен серіктестік орнады

100 вагон, 200 млн доллар және жаңа локомотивтер: Тоқаев жаңа зауыттарды таныстырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шикізатты терең өңдеу және заманауи өнеркәсіптік өндірісті дамыту жолында батыл қадамдарға барғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент атап өткендей, еліміз теміржол машина жасау саласында әлемдік жетекші компаниялармен тиімді әріптестік орнатты:

  • Alstom – Қазақстанда сервистік орталықтар салып, 2028 жылдан бастап локомотивтердің жаңа буынын шығарады;
  • Wabtecбалама отынмен жүретін жылжымалы құрамға 200 млн доллар инвестиция құйды;
  • Stadler Railжылына 100 вагон шығаратын зауыт іске қосты.

Бұл жобалар индустриялық әлеуетті арттырып, инженерлік-технологиялық база қалыптастыруға жол ашады.

Ауыл шаруашылығында озық технологиялар мен инвестиция тарту жалғасуда

Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетіне ерекше тоқталды. Ел:

  • Егістік және жайылым жер көлемі бойынша әлемде 6-орынға ие;
  • Астық экспорты бойынша әлемдік ТОП-10 елдің қатарына кіреді.

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ірі инвесторлар:

  • PepsiCo – жергілікті нарыққа бағытталған өнім өндіруде;
  • Fufeng Group және Dalian Heshengозық ауыл шаруашылық технологияларын енгізіп, өнімге тұрақты сұраныс қалыптастыруда.

Президент бұл компаниялардың ел экономикасына қосып жатқан үлесін оң бағалап, агросектордағы инвестициялардың өсе түсуіне мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары