$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«8 саусақпен туған»: Алматыда туа бітті кемістігі бар бүлдіршінге ота жасалды

Алматыда балаларға күрделі микрохирургиялық оталар жасалды

«8 саусақпен туған»: Алматыда туа бітті кемістігі бар бүлдіршінге ота жасалды
Фото: Instagram/almaty_gorzdrav

Алматыда туа бітті кемістігі бар бүлдіршінге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туа біткен және жүре пайда болған кемістігі бар балаларға реконструктивтік ота жасалды.

Операциялар жетекші ресейлік хирургтің басшылығымен өтті

Операцияны Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан арнайы шақыртылған пластикалық хирург Сергей Голян басқарды. Оның жетекшілігімен қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды. Бұдан бөлек, тағы 20 балаға кеңес берілді, ал отандық дәрігерлерге микрохирургия бойынша озық әдістерге арналған дәрістер оқылды.

«Бұл шара – еліміздегі балалар микрохирургиясын жаңа деңгейге көтерудің маңызды қадамы», – деді №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Бір жастағы балаға ерекше операция жасалды

Емделушілердің ең кішісі – 1 жастағы сәби. Ол қолында 8 саусақпен туған. Бұл жағдай медицинада полифалангия деп аталады. Артық саусақтар баланың дамуына, заттарды ұстауына және қолдың табиғи қимылына кедергі келтірген.

«Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасайтынын естігенде сенбедік. Үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді», – дейді сәбидің анасы.

Барлық операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды.

Қазақстандық дәрігерлер үшін – үлкен тәжірибе

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ортопедия-травматология және микрохирургия саласының мамандары қатысты. Олар ресейлік әріптестерімен бірлесіп, ота жасап, бірегей әдістемелерді меңгерді.

«Бұл жай ғана тәжірибе алмасу емес. Біз бірлесе отырып, балалардың еркін қозғалып, қалыпты өмір сүруіне жол аштық», – деді хирург Сергей Голян.

Серіктес жаңалықтары