$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жасөспірім қыздың ішінен 1,5 келі шаш шықты

Алматыда дәрігерлер 14 жастағы қыз баланың ішінен алып трихобезоарды алып тастады

Алматыда жасөспірім қыздың ішінен 1,5 келі шаш шықты
Фото: Instagram/almaty_gorzdrav

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) хирургтары сирек кездесетін әрі өте күрделі жағдайға тап болды. 14 жастағы қыздың іш қуысынан салмағы 1,5 келіге жуық бөгде зат – трихобезоар алынды. Бұл – ұзақ уақыт бойы жиналған шаш пен шырыштан құралған тығыз масса, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыр халде жеткізілді

Жеткіншек медициналық орталыққа іштің қатты ауруы, кебу, әлсіздік және улану белгілерімен түскен. Ауру белгілері бірнеше күн бұрын басталғанымен, ата-анасы дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Шұғыл тексеру кезінде перитонит, ішкі ағзалардың зақымдануы және іш қуысында бос сұйықтықтың жиналуы анықталған.

«Біз сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті жағдаймен бетпе-бет келдік. Трихобезоар көбіне психоэмоционалдық бұзылыстар аясында пайда болады. Бұл жағдайда бөгде заттың көлемі өте үлкен болғандықтан, шұғыл ота қажет болды», – дейді жетекші хирург Аскар Күлбекұлы Ризванов.

Ота екі кезеңмен жасалды

Алдымен диагностикалық лапароскопия, кейін ашық лапаротомия жасалып, трихобезоар толық алынып тасталды.

Трихобезоардың салмағы шамамен 1,5 келі болған. Оның тығыздығы мен көлемі тәжірибелі дәрігерлердің өзін таңғалдырды.

Қыздың өмірін сақтап қалды

Ота сәтті аяқталып, қыз толық оңалды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, ол психологиялық бақылауға алынған.

Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Дәрігерлер ата-аналарға балалардың тамақтану тәртібі мен психологиялық жағдайына жіті мән беруді ескертеді.

«Мұндай жағдайдың алдын алудың ең тиімді жолы – балада ауытқу белгілері байқалған бойда дер кезінде маманға жүгіну», – дейді дәрігерлер.

Серіктес жаңалықтары