23.06.2025, 15:49
Жаңалықтар
Елдос Сметов операцияға түсіп қалды
Дзюдошы желідегі парақшасында отадан кейінгі жағдайын көрсетті
Фото: Instagram/yeldos60kg
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов отаға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дзюдошының өзі жариялаған фотосына қарап иығына ота жасалғанын байқауға болады.
«Rio 2016, Tokyo 2020, Paris 2024 медальдарының жұрт білмейтін екінші тұсы. Ал 2028 күт бізді. Біз тарих жасауға барамыз», - деп жазды Елдос Сметов.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Елдос Сметов жұбайын ертіп, Лондонға уақытша көшіп кеткені хабарланған болатын.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды