23.06.2025, 10:39
Жаңалықтар
Аптап ыстықтың беті қайтады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жаңбырлы болады
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар мен оларға байланысты атмосфералық фронттар жылжуын жалғастыруда, бұл елде тұрақсыз ауа райының қалыптасуына себеп болуда.
«Алдағы күндері елімізге тағы бір фронттық белсенділік толқыны әсер етіп, жауын-шашын, екпінді жел және найзағаймен қатар жүреді.
Республика аумағының басым бөлігінде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін», - делінген синоптиктер болжамында.
Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады:
- +20…+28°C дейін – елдің көп бөлігінде;
- +15…+23°C – солтүстік өңірлерде;
- +25…+33°C – оңтүстікте күтіледі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)