Абай облысында 4 балдық жер сілкінісі болды
Зілзаланың ошағы қайда орналасқаны анықталды

Сейсмологтар Абай облысында 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпуі қашан болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 маусымда, Астана уақытымен 01:23-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі қайда?
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан 568 шақырым солтүстік-шығыс бағытта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Ал Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі Абай облысындағы Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде болған.
Магнитуда мен энергетикалық класс
- Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,0;
- Энергетикалық класы – 9,7.
Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.