23.06.2025, 08:15
Жаңалықтар
Астанада 13-қабаттан секірмек болған жасөспірімді өрт сөндіруші құтқарып қалды
Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Астананың Байқоңыр ауданында көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдайдың алды алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушы демалыс күнінде ерлік жасады
№12 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы Аяз Темешов демалыс күнінде 13-қабаттағы баспалдақ алаңында балкон жақтауында отырған қызды байқап қалады.
Ол қыздың өзіне қол жұмсамақ ниеті барын сезіп, еш кідірместен жанына барып, сүйеніштен түсіріп алған.
Қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті
Аяз Темешов 2009 жылы туған қыздың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, полиция келгенше жанында болған. Кейін оны құқық қорғау органдарына тапсырды.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады