$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысындағы жойқын дауыл: бірнеше ауыл әлі күнге дейін жарықсыз отыр

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

Павлодар облысындағы жойқын дауыл: бірнеше ауыл әлі күнге дейін жарықсыз отыр
Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодар облысында 19 маусым күні болған жойқын дауылдан кейін Ақсу қаласы мен ауылдық елдімекендерде қалпына келтіру жұмысы төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Желдің екпіні – 35 м/с дейін жеткен

«Ақжол» метеостанциясының мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетіп, ондаған нысан зақымданған. Көптеген үйлер мен кәсіпорындар бірнеше күн бойы электр жарығынсыз отыр.

Кімдер жарықсыз қалды?

Ақсу және ауылдық елдімекендерде жарықсыз қалған тұтынушылар саны:

  • Ақсу қаласы: 105 жеке, 3 заңды тұлға;
  • «Ақсу» ықшам ауданы: 129 жеке, 4 заңды тұлға;
  • Қалқаман ауылы: 237 тұтынушы;
  • Еңбек ауылы: 109 адам;
  • Құркөл ауылы: 66 адам;
  • Омаров ауылы: 139 адам.

Қалпына келтіру жұмысы:

  • 14 электрик бригадасы, қосымша Май, Ақтоғай, Ертіс аудандары мен Павлодардан көмекші бригадалар жұмылдырылған;

  • 60-тан астам адам ағаштарды, шатыр қалдықтарын, қираған нысандарды тазалап жатыр;
  • 18 арнайы техника қолданылуда;
  • Электр мамандары жұмыс толық аяқталғанша демалмайды, тұрғындар өтініштеріне де жедел әрекет етуде.

Зардабы мен көмек

  • Қала инфрақұрылымына келген нақты шығын әлі есептеліп жатқан жоқ

  • Зардап шеккен тұрғындар Пушкин көшесі, 70/2 мекенжайындағы Тұрғын үй инспекциясы және ТКШ бөліміне жүгініп, 30 маусымға дейін өтініш бере алады.
Серіктес жаңалықтары