23.06.2025, 07:52
Жаңалықтар
Жетісайда зейнеткер суару арнасына құлап, бақилық бола жаздады
Құтқарушылар көмекке жылдам жетті
Фото: ҚР ТЖМ
Түркістан облысының Жетісай қаласында 1959 жылы туған әйел адам суару арнасына құлап кетіп, ағыспен ағып кете кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ақпарат 112 пультіне келіп түсті, деп мәлім етті ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар шұғыл көмекке жетті
Куәгерлер оқиғаны көріп, дереу құтқару қызметіне хабарлаған. Құтқарушылар оперативті түрде оқиға орнына жетіп, әйелді аман-есен судан шығарып алды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ұлы алғысын білдірді
Зардап шеккен әйелдің ұлы құтқарушыларға шексіз ризашылығын білдірді.
Ескерту!
- Су айдындары маңында абай болыңыздар!
- Төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне дереу хабарласыңыз!
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды