Астанада тағы екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Онда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ч. Айтматов пен Атырау көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Қозғалыс 21-29 маусым аралығында шектеледі
Қазіргі уақытта Ш. Айтматов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралықтықамтиды. Осыған байланысты 21 маусымнан 29 маусымға дейін көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады.
Көліктердің қозғалысы тек бір бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жүргізушілерден алдын ала маршруттарын жоспарлап, қала ішіндегі қозғалыс өзгерістерін ескерген жөн.
Уақытша белгілер орнатылады
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан түсіністік танытуды сұрайды.
«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында арнайы жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», – делінген хабарламада.