$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да Д.Серікбаев атындағы ЖОО-ның жері мен ғимараты ұрланғаны анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі университетке тиесілі 1,5 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

ШҚО-да Д.Серікбаев атындағы ЖОО-ның жері мен ғимараты ұрланғаны анықталды
Фото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік үлесті заңсыз жекеменшікке беру фактісі бойынша жүргізілген тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижесінде мемлекетке ірі көлемдегі активтер қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖОО-ның мемлекеттік үлесі заңсыз өткізілген

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – елдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Ол металлургия, машина жасау, энергетика және медициналық техника салаларына мамандар даярлаумен айналысады. Университет құрамында 17 ғылыми орталық пен зертхана, сондай-ақ ғылыми-өндірістік алаңдар жұмыс істейді.

Алайда, 2018-2020 жылдар аралығында университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС» жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз жекеменшікке өткізгені анықталды.

1,5 млрд теңгенің активі мемлекет меншігіне қайтарылды

Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмасы аясында университетке келесідей мүліктер қайтарылды:

  • «Технопарк «Алтай» ЖШС-дағы 100% үлес;
  • 8 000 шаршы метрлік ғимарат;
  • 1,3 гектар жер телімі.

Бұл активтердің жалпы нарықтық құны – 1,5 млрд теңге.

Қайтарылған мүлік қалай пайдаланылады?

Университетке қайтарылған нысандар келесі мақсаттарға пайдаланылатын болады:

  • Зертханалық және оқу базаларын орналастыру;
  • Травматология, ортопедия және онкологиялық протездеу салаларына арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамыту.

Тергеу жұмысы жалғасуда

Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз иеленіп алынған өзге де активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары