Құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндіріп жүрген қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алтын айналымындағы қылмыстық схемалар әшкереленді
Ішкі істер министрлігі бағалы металдардың заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағытта алтынды заңсыз өндіру, өңдеу және шетелге тасымалдау арналары ерекше назарда тұр. «Ақбақай» кен орнындағы ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың маусым айында Жамбыл облысында ІІМ және прокуратура бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында «Ақбақай» алтын кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.
Қылмыстық топтың құрамы:
- Жергілікті тұрғындар;
- Комбинат қызметкерлері;
- Қауіпсіздік қызметінің өкілдері.
Қылмыстық тізбек: заңсыз өндіруден контрабандаға дейін
Тергеу нәтижесінде анықталғандай, топ алтын құрамды шикізатты заңсыз өндіріп, өңдеп және оны тасымалдаумен айналысқан. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан кәсіпорынға 400 миллион теңгеден астам залал келген.
Арнайы операция нәтижелері:
- 50-ден астам адам ұсталды;
- 6 келіге жуық алтын тәркіленді;
- 8 жасырын кен өңдеу цехы жойылды;
- Топ жетекшісі мен сыбайластары елдің төрт өңірінде бір мезгілде қолға түсті.
Тергеу жалғасуда
Қазіргі уақытта іс бірнеше бап бойынша тергеліп жатыр:
- Ұйымдасқан қылмыстық топ құру;
- Оған басшылық ету;
- Топ құрамында қылмысқа қатысу.
Тергеу мүддесіне орай, өзге мәліметтер жарияланбайды.
Алтын контрабандасы мен көлеңкелі экономиканы анықтау
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, алтын контрабандасының арналары, көлеңкелі айналымдағы тұлғалар мен нақты бенефициарлар анықталып жатыр. Бұл бағытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.