Астанада Тәуелсіздік даңғылы тағы да бірнеше күнге жабылатын болды
Әкімдік не себепті жабылатынына түсініктеме берді

Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты тағы да бірнеше күнге жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылының Қ.Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген әкімдік хабарламасында.