$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында құс фабрикасы ашылады

Жобаны «Eco-Chiken» ЖШС жүзеге асырады

Түркістан облысында құс фабрикасы ашылады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркістан облысында 280 мың құсқа арналған құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq.

Құс еті бүкіл Қазақстанға жеткізіледі

 Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше ет бағытындағы заманауи құс фабрикасы 2025 жылы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жұмысын бастайды.

«Құны 2,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба 280 мың құсты ұстауға есептелген және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешендегі ірі нысандардың біріне айналмақ», - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін облыс ішіндегі сұранысты қамтып қана қоймай, еліміздің нарығына да шығып, сапалы құс етін бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу жоспарлап отыр.

Сауранда 13 ірі жоба іске асырылады

Жоба Сауран ауданын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, 2024 жылы ауданда жалпы құны 16,4 млрд теңге болатын 13 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

«Маңызды жобалардың бірі ретінде биылғы жылдың соңына дейін аяқталатын, “Ақ Сауран” ЖШС жүзеге асырып жатқан жаңбырлатып суару әдісіне негізделген суару жүйесінің құрылысын атап өтуге болады. Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге. Жоба су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ауданда бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері де белсенді дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары