$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО тұрғыны алаяқтарға шамамен 300 млн теңге аударған

Ол алаяқтардың арбауына екі рет түсіп қалған

БҚО тұрғыны алаяқтарға шамамен 300  млн теңге аударған
Фото: © istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында тұратын азамат екі рет алаяқтардың құрбанына айналды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы жағдай 2022 жылы болған. Бәйтерек ауданының тұрғыны алаяқтарға сеніп, 200 миллион теңгесін өз қолымен аударған. Арада үш жыл өткен соң, 2025 жылы ол қайта алданып, тағы 90 миллион теңгесінен айырылған.

«Бұл – бір ғана адамның мысалы. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі тіркеліп жатыр», – деді БҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Артур Мусагалиев.

Алаяқтық фактілері неге көбейіп кетті?

Соңғы жылдары интернет алаяқтары түрлі тәсілмен халықты алдап, ірі сомадағы қаржы жинау әдісін меңгерген. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтардың арбауына түсіп қалатындардың көбі – сенгіш әрі қаржы қауіпсіздігін сақтай алмайтын адамдар.

  • Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, SMS немесе қосымша орнатуды сұрайды
  • Кейде инвестицияға шақырып, жоғары табыс уәде етеді
  • Құжат рәсімдеуді сылтауратып, жеке деректерді алады
  • Шетелдік университетке түсуге көмектесеміз деп алдайды.

Алматыда жүздеген студент алданып қалған

Бұған дейін Алматыда Гарвард пен Оксфордқа оқуға түсіреміз деген уәдемен жүздеген студентті алдап кеткендер туралы мәлімет тарады. Әрбір үміткер 1,5 млн теңгеден төлеген. Алайда фирма кенеттен кеңсесін жауып, ізін суытқан.

Интернет алаяқтардан қалай қорғануға болады?

  • Бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеңіз
  • Банктен келгендей көрінетін қоңырауларға сақ болыңыз
  • Жеке деректер мен банк картасының нөмірін ешкімге бермеңіз
  • Қаржы аудармас бұрын ақпараттың ресмилігін тексеріңіз
  • Инвестициялық ұсыныстарға сын көзбен қараңыз.
Серіктес жаңалықтары