$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл әкімдігінің бухгалтері 10 млн теңгені заңсыз иемденген

Ол бюджеттен үнемделген қаржыны жымқырған

Ауыл әкімдігінің бухгалтері 10 млн теңгені заңсыз иемденген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қостанай облысында ауылдық әкімдік аппаратының бухгалтері мемлекеттік бюджеттен 9,7 млн теңге заңсыз иемденгені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2021 жылдың тамызынан 2025 жылдың наурыз айына дейін есепші қызметін атқарған әйел экономиядан қалған қаражатты өзінің банктік картасына аударып, жеке мақсатта жұмсаған.

«Айыпталушы «Новотроицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметін пайдалана отырып, қаржыны өз бетімен иемденген. Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сараланды», – делінген прокуратура хабарламасында.

7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Айыпталушыға төмендегідей жаза қолданылуы мүмкін:

  •  7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
  • Мүлкін тәркілеу
  • Белгілі бір қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру.

Қылмыстық іс Қарабалық аудандық сотына жолданды.

Мемлекеттік қаржыны заңсыз иемдену – жиі кездесетін қылмыс

Қазақстанда бюджет қаражатын жымқыру деректері жиі тіркеледі. Әсіресе ауылдық округтер мен аудан әкімдіктерінде бақылаудың әлсіздігі осындай құқықбұзушылықтарға жол ашатыны байқалады.

Бұл – биыл тіркелген бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің қаржыға қатысты заңбұзушылықтарының бірі.

ҚР ҚК 189-бабы туралы не білеміз?

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша:

  • Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену – ауыр қылмыс саналады
  • Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып жасалған қылмыс – жазаны ауырлатады
  • Қылмыстың көлемі «ірі мөлшер» санатына жатса – жазалау шарасы күшейеді.
Серіктес жаңалықтары