$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Абу Даби Плаза» стансасында LRT-ның екінші құрамы орнатылды (ВИДЕО)

Екі құрам да сынақ басталғанға дейін стансаларда болады

«Абу Даби Плаза» стансасында LRT-ның екінші құрамы орнатылды (ВИДЕО)
Фото: "City Transportation Systems" компаниясы

Бүгін Абу Даби Плаза жанындағы №112 стансада екі вагоннан тұратын LRT-ның екінші құрамын орнату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші құрам жуырда №101 стансаға (Әуежай) орнатылды. Екі құрам 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған сынақ кезеңі іске қосылғанға дейін стансаларда болады.

«№112 стансада LRT екінші құрамын орнату – бұл желінің негізгі учаскелеріне құрамды орналастыру бойынша жұмыстардың бір бөлігі. Әр вагон күрделі логистикалық жолмен жеткізіледі және ауыр көтергіш техника көмегімен орнатылады», — деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Оның айтуынша бұл жұмыстар бізге құрамдарды алдын ала реттеп, қыркүйекте басталатын кешенді сынақтарға дайындауға мүмкіндік береді.

«Біз құрылыс кезеңінен инженерлік және пайдалану кезеңіне біртіндеп өтіп жатырмыз», - деп түсіндірді Дүйсебаев.

Монтаждау жұмыстары жүк көтергіштігі 450 тонна болатын арнайы ірі габаритті автокран көмегімен орындалды. Құрамдар Түркістан көшесіне Арыс көпірі жағынан, ұзындығы 39 метрді құрайтын (тартқышпен бірге) ірі габаритті тралдармен жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары