Димаш Құдайберген түнгі Лондонда емін-еркін жүре алмады (ВИДЕО)
Көшеде жүрген тұрғындар Димашты танып, бірге суретке түсуді өтінеді

Әнші Димаш Құдайбергенді Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де бірден таниды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған әртістің Лондон көшесінде түсірілген видеосы дәлел. Видеодан кеш батқанын көруге болады, көшеде адам аз, сауда орталықтарының жарығы сөнген. Көшеде жүрген тұрғындар Димашты танып, бірге суретке түсуді өтінеді. Әнші олардан бас тартқан жоқ.
"Түнгі Лондон", - деп жазды Димаш.
Димаштың жанкүйерлері оның танымалдылығына таңғала қоймады.
«Димаш түнде Лондонды аралап жүр, ал жанкүйерлері оны танып жатыр, қандай бақытты жандар! Мұндай кездесу көптің арманы ғой», «Жолы болды деген осы!», «Димаш жалғыз өзі кешкі серуенде, керемет! Мына қыздар қандай бақытты!», «Бәрекелді, жақсы демалыс тілеймін!», - деп жазды олар.
Димаш Құдайбергеннің Лондонға сапары өте қарбалас болды: ол фан-кездесу өткізіп, Лара Фабиан, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және Хаузермен ән шырқады.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің 400-ге жуық тыңдарманы Лондондағы алғашқы фан-кездесуде бас қосты. Фан-кездесуде Димашқа көптеген сұрақ қойылды. Жанкүйерлердің көбін әншінің шығармашылығына қатысты сұрақтар қызықтырды.
Димаштың жеке концерті 2025 жылдың 12 қарашасында Лондонда OVO ARENA WEMBLEY стадионында өтеді.