ҰБТ: 100-ден астам адам аудиториядан қуылып, нәтижесі жойылды
Өзге адамның орнына кіру деректері тіркелген жоқ

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) аясында 16 мамырдан бастап бүгінге дейін 164 мың рет тестілеу өткізілді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҰБТ нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тіл бойынша қатысу үлесі
Тестілеуге қатысқан талапкерлердің:
- 74%-ы – қазақ тілінде;
- 26%-ы – орыс тілінде;
- 136 адам – ағылшын тілінде тапсырған.
Орташа балл мен үздік нәтиже
-
Орташа балл – 65;
- Шекті балл жинағандар – 69%;
- Ең жоғары нәтиже – 140 балл;
Ең жоғарғы көрсеткішті Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек бірінші аптада тіркеді.
Танымал пән комбинациялары
Қатысушылар таңдаған негізгі пәндер комбинациялары:
- 18% – «Математика-Физика»;
- 15% – «Биология-Химия»;
- 14% – «Шығармашылық емтихан».
Арнайы қажеттілігі бар талапкерлер
477 талапкер ерекше білім беру қажеттілігімен ҰБТ-ға қатысып отыр. Оларға қолайлы жағдай жасалған.
Апелляция және нәтижелер
- Тестілеуден кейін 30 минут ішінде мазмұн бойынша апелляцияға өтініш беруге болады;
- Техникалық себептер бойынша апелляция тестілеу кезінде қабылданады;
- Нәтижелер жеке кабинетте, апелляциядан кейін жарияланады.
Ереже бұзушылықтар
-
206 бұзушылық фактісі тіркелді;
- 98 талапкер тыйым салынған заттар (смартфон, шпаргалка) әкелгені үшін шеттетілді;
- 108 адам тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды;
- Өзге адамның орнына кіру деректері тіркелген жоқ.
Бейнежазба арқылы талдау жалғасады
2025 жылғы ҰБТ аяқталған соң, бейнебақылау жазбалары 31 қазанға дейін талданады. Ережебұзушылықтар анықталса, нәтижелер жойылады.
Өтініштер саны
Биылғы негізгі ҰБТ-ға 216 мың талапкерден шамамен 399 мың өтініш түскен.