09.06.2025, 23:58
Жаңалықтар
Таразда жалаңаш ер адам көше кезіп жүрген: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)
Оны бірнеше куәгер байқап, видеоға түсіріп алған
Фото: Видеодан скрин
Тараз қаласында тыр жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды таңғалдырды. Оқиға туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның мән-жайы
Telegram-арналарда жарияланған бейнежазбаларда жалаңаш ер адамның ескі қалалық аурухана маңында еркін серуендеп жүргені түсірілген. Оны бірнеше куәгер байқап, видеоға түсірген.
Полиция не дейді?
Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, құқық бұзушының жеке тұлғасы анықталған.
«Полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтады. Ол алкогольдік мас күйде болған. Аталған азамат Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізілді», – делінген ресми хабарламада.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты