10.06.2025, 04:29
Жаңалықтар
Абай облысында жұртты алдап, 52 млн теңге «тапқан» күдіктілер ұсталды
Келтірілген шығын 52 млн теңгеден асады
Фото: freepik.com
Абай облысының полицейлері интернет алаяқтығына қатысты ірі қылмыстық топты анықтап, жолын кесті. Күдіктілер жүк көліктерін сатамыз деген желеумен бірнеше облыстың тұрғындарын алдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстың мән-жайы
Қаскөйлер интернет арқылы жүк көліктерін сатуға арналған жалған хабарландырулар жариялап, азаматтардың сеніміне кірген. Олардың арбауына түскендер Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан.
- Жалпы келтірілген материалдық шығын 52 миллион теңгеден асты.
- Қаражат түрлі өңірлерде тіркелген жалған ЖШС арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдіктілер ұсталды
Полиция өкілдерінің мәліметінше:
- 32 жастағы Қызылорда облысының,
- 50 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды.
Олардың қылмыстық серіктестері де анықталып, тергеуге тартылды.
Тергеу жалғасуда
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қосымша эпизодтар мен басқа да қатысушылардың қатысы тексерілуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды