$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте орналасқан

Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды
Фото: Euronews

Колумбияда 6,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Эпицентрі – Паратебуэно маңында

Елдің Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Паратебуэно қаласынан 17 шақырым солтүстік-шығыста, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі елдің басым бөлігінде сезілген.

Геологтардың мәліметінше, эпицентрдегі сілкініс күші «жойқын» деп бағаланды. Бұл көрсеткіш – тұрғын үйге де, инфрақұрылымға да айтарлықтай қауіп төндіретін деңгей.

Богота тұрғындары далаға шықты

Эпицентрден шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан Колумбия астанасы Богота қаласында жер сілкінісі қатты сезілді. Әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерде жұмыс орнын тастап шыққан адамдар бейнеленген.

Ауылдық аймақтарда бүлінген нысандар тіркелмеген

Ауылдық өңірлерден келіп түскен деректерге сәйкес, елеулі зақым мен қирау байқалмаған.

Колумбия — сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан

Колумбия Тынық мұхиттық отты белдеуінде орналасқан. Бұл аймақ жер сілкінісі мен жанартау атқылауы жиі болатын аумақ ретінде белгілі.

Елдегі саяси жағдай: президенттік үміткерге оқ атылды

Айта кетейік, бұған дейін Колумбияда 15 жастағы жасөспірім президенттікке кандидатқа оқ атқан болатын. Саясаткер ауыр жарақат алып, қазір ауыр халде жатыр. Қылмыскер аяғынан жараланып, тұтқындалды. Одан 9 мм калибрлі тапанша тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары