08.06.2025, 18:40
Жаңалықтар
Апта басында мегаполистерде ауа райы қандай болады
Синоптиктер жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді
Фото: © freepik.com
9–11 маусым аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жауын-шашын, найзағай және жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада ауа райы біртіндеп жылиды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада алдағы үш күнде ауа райы келесідей болмақ:
- 9 маусым: түнде жаңбыр, найзағай, күндіз бұлт аралас. Солтүстік-шығыстан соққан жел– 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°
- 10 маусым: жауын-шашынсыз, жел – 9–14 м/с. Температура: түнде +12…+14°, күндіз +24…+26°
- 11 маусым: жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел шығыстан – 9–14 м/с. Температура: түнде +13…+15°, күндіз +27…+29°
Алматыда найзағай мен ыстық күндер қатар жүреді
Алатау бөктеріндегі қала тұрғындары үш күн қатарынан найзағайлы жауын мен 30 градустан жоғары ыстыққа тап болады:
- 9 маусым: қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел – 3–8 м/с. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +30…+32°
- 10 маусым: найзағай кезінде желдің екпіні 17–22 м/с. Температура: түнде +21…+23°, күндіз +27…+29°
- 11 маусым: найзағай және жел екпіні 13 м/с дейін жетеді. Температура: түнде +17…+19°, күндіз +28…+30°
Шымкентте ауа температурасы 34°С-қа дейін көтеріледі
Оңтүстіктегі мегаполисте де күн күркіреп, жаңбыр жауады. Алайда температура жоғары болып қалады:
- 9 маусым: күндіз жаңбыр, найзағай, жел – 8–13 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
- 10 маусым: солтүстік-батыс желі15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°
- 11 маусым: найзағайлы жаңбыр жалғасады. Жел – 15–20 м/с. Температура: түнде +20…+22°, күндіз +30…+32°
Назар аударыңыз:
- Найзағай кезінде көшеде көп жүрмеңіз
- Күшті жел кезінде терезені жауып, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз
- Ауа температурасы жоғары болған жағдайда суды көп ішіп, күн астында ұзақ болмауға тырысыңыз.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
19.12.2025, 15:48
«Мәйітті қайта қазып алдық»: Халимназаров күйеуі жылқымен сүйреп өлтірді деген әйел туралы айтты
19.12.2025, 07:24
«Жеңеше, телефон соғыңыз»: Атыраулық әйел жоғалған күйеуінің достарынан күдіктеніп отыр
19.12.2025, 11:15
«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды
19.12.2025, 11:49
Астанадағы екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет жариялады
Редактордың таңдауы
18.12.2025, 12:14
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)