08.06.2025, 17:43
Жаңалықтар
Қарағанды облысында істен шыққан автобустан 60 шетелдік құтқарылды (ВИДЕО)
Оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге жеткізілді
Фото: видеодан скриншот
Қарағанды облысында құтқарушылар Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының бойында техникалық ақауға ұшыраған автобустан 60 жолаушыны қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Апат жолдың 575-шақырымында болды
Оқиға Абай облысына жақын маңда, Актогай ауданындағы Гүлшат ауылының 14 шақырым тұсында, Астана – Қарағанды – Алматы бағытындағы халықаралық автобустың бұзылуы салдарынан болған.
- Техникалық ақау салдарынан автобус жол бойында тоқтап қалған
- •Оқиға орнынан 60 жолаушы, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге жеткізілді.
Жолаушылар кімдер?
Құтқарылған азаматтардың барлығы – Ресей және Тәжікстан азаматтары. Олар шекарааралық бағытта сапар шеккен.
«Автобус жолаушылары жақын маңдағы дәмханаға эвакуацияланып, уақытша орналастырылды. Медициналық көмек қажет етілмеді»,– делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді