08.06.2025, 20:57
Жаңалықтар
Павлодарда араққа сылқия тойған екі ер адам пышақтасты (ВИДЕО)
Оқиға екеуі ішімдік ішкеннен кейін басталған
Фото: Видеодан скрин
Павлодарда екі ер адам ішімдік ішкеннен кейін төбелесіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kabyltayev Telegram-арнасында жарияланған видеода Павлодар қаласындағы тұрғын үй ауласында ер адамдардың төбелесі бейнеленген. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Осипенко көшесінде орын алған.
Полицияның дерегінше, жанжал спирттік ішімдік ішкен ер адамдардың арасында туындаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қатысушылар табылып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар