08.06.2025, 15:48
Жаңалықтар
Астанада тағы 30-ға жуық автобустың бағыты уақытша өзгерді
Мұндай шешім жол жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Астанада 30-ға жуық автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қандай бағыттарға өзгеріс енгізілді?
Атап айтқанда, келесі маршруттардың бағыты уақытша өзгерді:
- №5, 5А, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 23, 28
- №31, 33, 48, 55А, 55Б, 60, 72, 73, 80
- №304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327
- №505
«Бұл уақытша шаралар жол жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданды», – делінген ресми хабарламада.
Астана тұрғындарына ескерту
- Қоғамдық көлікпен жүретін тұрғындар мен қонақтарға жақын күндері қозғалыс бағыттарын «City Transportation Systems» және «iKomek109» қызметтерінен нақтылап отыру ұсынылады.
- Маршрут сызбаларының өзгеруі қоғамдық көліктердің келу уақытына әсер етуі мүмкін.
Қала әкімдігі тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады